Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов квазимемлекеттік сектор, құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтайтын бөлімше құрылғанын айтты.
«Жұмыс істеп тұрған жедел-тергеу қызметтерімен қатар квазимемлекеттік секторда, сондай-ақ құқық қорғау, cот органдарындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және тергеу бойынша мамандандырылған бөлімшелер құрылды. Ұлттық компанияларда қаражаттың қомақты екенін, соның ішінде қаржы бюджет пен Ұлттық қордан бөлінетінін өздеріңіз білесіздер. Оларды бақылау, ақша жымқыруға жол бермеу біздің тікелей міндетіміз», - деді Агенттік төрағасының бірінші орынбасары.
Оның айтуынша, құқық қорғау органдары мен соттардағы сыбайлас жемқорлық қоғамға аса қауіпті және мемлекет пен қоғамның қалыпты жұмыс істеуін бұзады.
«Сол себепті аталған салаларда сыбайлас жемқорлықпен күресу жаңа Агенттіктің негізгі негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіленді. Мұнымен арнайы дайындалған қызметкерлер айналысатын болады», - деп айтты Бектенов брифинг барысында.