Алматы Хорватиямен ынтымақтастықты нығайтады

25 Шілде 2019, 16:51
1745
Бөлісу:
Алматы Хорватиямен ынтымақтастықты нығайтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Хоравтияның Төтенше және өкілетті елшісі Рефик Шабановичпен кездесті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бақытжан Сағынтаев Алматының негізгі даму бағыттарын айтып берді. Тараптар қала экономикасы, сауда, қызмет көрсету, көлік пен логистика, цифрлық технология, туризм салалары бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Алматыда хорваттық капиталмен 7 кәсіпорын жұмыс жасайды. Биылғы жылдың 5 айы ішінде Алматы мен Хорватия арасындағы тауар айналымы 3,2 миллионнан астам АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 35%-ға көп. Ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың барлық тетіктері бар.

Алматы еліміздің қаржы және экономикалық орталығы ретінде шетелдік капитал үшін жоғары инвестициялық тартымдылыққа ие. Инвестиция үйі ашылды, шетелдік серіктестермен байланысты күшейту үшін барлық жағдайлар жасалуда.

Әкім Алматының ЕАЭО пен Қытай нарығына шығуда маңызды көлік-логистикаклық хабтың бірі екенін атап өтті. Бұл Хорватиямен арадағы бизнеске қосымша перспективалар ашады. Өз кезегінде Алматы Хорватияның негізгі саласы болып табылатын туризмді дамыту жөніндегі тәжірибесін игеретін болады.
Бақытжан Сағынтаев хорваттық туроператорларды Алматыда 2020 жылдың 14-16 сәуірінде өтетін Халықаралық KITF-2020 туристік көрмеге қатысуға шақырды.

«Бізге Хорватияның ақпараттық технологияны, туризм мен спорт, білім, денсаулық сақтау салаларын дамытудағы тәжірибесі өте құнды», - деп атап өтті Алматы әкімі 

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев екі ел арсындағы алдағы жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы