Су тасқыны. Тағы бір ауылды су ала бастады

3 Мамыр 2020, 09:39
2983
Бөлісу:
Су тасқыны. Тағы бір ауылды су ала бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басқан елді мекендері туралы 2020 жылғы 3 мамыр күнгі сағат 09.00-дегі ақпарат.

2020 жылы 3 мамыр таңғы 5.00-ден бастап, 250 үйі суға батқан Фердоуси ауылы бағытынан Жаңажол ауылдық округінің "Өргебас" елді мекеніне қарай су келе бастады. Екі ауылдың ара қашықтығы 3 шақырым. Таңғы 8.00-де "Өргебас" елді мекенің 194 үйін су ала бастады. Тұрғындардың барлығы (1451 тұрғын) эвакуацияланды. Көшіру барысында зардап шеккендер жоқ, - делінген Түркістан облысы Өңірлік коммуникация қызметі таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы