Атыраулық студентті көлік қағып өлтірді

23 Қыркүйек 2019, 17:06
3475
Бөлісу:
Атыраулық студентті көлік қағып өлтірді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға Баймұқанов көшесінде сенбі күні болған, деп хабарлады Almaty.tv.

Видеодағы кадрларда жүргіншілер жолымен өтіп келе жатқан жігітті жүйткіп келе жатқан көліктің соққанын байқауға болады. Соққының қатты болғаны соншалық 2002 жылы азаматтың бір аяғы жұлынып, оншақты метрге бірден ұшып кеткен.


Атырау облыстық полиция департаментінің деректеріне сүйенсек, Тойота маркалы автокөлік жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ал, қайтыс болған бала Атыраудағы колледждердің бірінде 3-курста оқыған.

«Жол көлік оқиғасы таңертеңгі 9.30 шамасында Баймұханов көшесінің бойында болды. Тойота Камри маркалы автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болды. Қазіргі кезде аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 342-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екінші автокөлік ол жерде жаңағы видеодан көрінеді ғой автокөлік келе жатқаны. Сол Мерседес автокөлігінің жүргізушісіне қатысты да сараптама тағайындалды. Қазір ол Мерс автокөлігі айып тұрағына қойылды», - деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.


Өзгелердің жаңалығы