Стратегиялық жоспарлар мен реформалар агенттігі құрылады

1 Қыркүйек 2020, 11:15
2181
Бөлісу:
Стратегиялық жоспарлар мен реформалар агенттігі құрылады
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Стратегиялық жоспарлар мен реформалар агенттігі құрылады, деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Бірінші. Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі. Бұл саладағы реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыру керек. Мемлекеттік басқару мен кадр саясаты, шешім қабылдау мен оларды жүзеге асыру үшін жауапкершілікке әдістерді өзгерту керек. Пандемия  мен дағдарыс кезінде әрекеттегі мемлекеттік басқару жүйесі барынша жұмыс істеп жатыр. Жедел шешім қабылдау көп ресурсты қажет етеді. Сондықтан мен Стратегиялық жоспарлар мен реформалар агенттігін құру шешімін қабылдадым. Ол тікелей Президентке бағынады, - деді ол. 
Тоқаев осындай орган бұрын да жұмыс істегенін айтты.
Ол оған жүктелген барлық тапсырманы сәтті жүзеге асырды. Енді ол қайтадан мемлекеттік басқарудың орталықтандырылған буынға айналады. Агенттік жасақтайтын реформалар нақты, шынайы және барлық меморган жүзеге асыруына міндетті болады. Реформа бойынша жоғары Президенттік кеңес құрылып жатыр. Ол қорытынды шешім шығарады. Жылдам өзгеретін жағдайларды бағалау үшін Стаститика комитеті агенттік құрамына қосылады. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде ең басты атқарушы орган мемлекеттік аппарат болып табылады. Бұл дұрыс емес. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі барлық адам ресурсын мобилизациялап, оны жеке сектор мен қоғамда жоспарлау мен бағалау кезінде жүзеге асыруы керек , - деді Президент.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.

Өзгелердің жаңалығы