Ұстаздардан заңсыз ақша жинағандар жауапқа тартылады

10 Шілде 2020, 10:45
2973
Бөлісу:
Ұстаздардан заңсыз ақша жинағандар жауапқа тартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жазғы демалыстың басталуымен ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне мектеп оқушыларының ата-аналарынан, сондай-ақ педагогтардан мектепті жөндеу жұмыстарына заңсыз ақша жиналып жатқандығы туралы шағымдар келіп түсуде. 

Бұл туралы ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрылыс материалдарын өз қаражатына сатып алумен қоса мұғалімдер жөндеу жұмыстарын өздері жүргізуі керек.

Сонымен, мұғалімдерден заңсыз ақша жинай отырып, оларды кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тарта отырып, оларға тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша міндеттер жүктей отырып, мектеп директорлары ҚР "Педагог мәртебесі туралы" заңының және ҚР "Білім туралы" заңының талаптарын бұзады.

Осыған байланысты, ақша қаражаты мәжбүрлеп жиналған немесе мектеп әкімшілігі тарапынан қысым жасалған жағдайда, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ата-аналарды, педагогтарды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарласуға шақырады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы