Статистика департаментінде халық санағын жүргізуге қызметкерлерді іріктеу басталды

2 Шілде 2020, 09:47
1839
Бөлісу:
Статистика департаментінде халық санағын жүргізуге қызметкерлерді іріктеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 шілде мен 2 қыркүйек аралығында 23 нұсқаушы қажет, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. 

Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті ұлттық санақты жүргізу және дайындау бөліміне нұсқаушы-инспекторларды іріктеуге конкурс жариялады. 20 шілде мен 2 қыркүйек аралығында 23 нұсқаушы қажет.

Барлық қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар келесідей. Білімі: жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім, жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарсыз. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаментіне Нұр-Сұлтан қаласы, байланыс телефоны: 8(7172) 32-87-61; 8(7172) 31-62-53. Резюме maa-309@mail.ru


Өзгелердің жаңалығы