Бас жаңалықтар
SpaceX ғарыш кемесі жерге оралды
19 Қыркүйек 2021, 15:15 276

SpaceX ғарыш кемесі жерге оралды

Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ. Америкалық SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі әлемде алғаш рет кәсіби емес коммерциялық экипажбен ғарышқа саяхат жасап, үш күндік сапардан оралды. Олар Атлант мұхитындағы Флориданың жағасына қонған деп хабарлады Lenta.ru.

Ғарыш кемесі қонуының тікелей көрсетілімі Twitter әлеуметтік желісінде жүргізілген. SpaceХ ғарышкерлерді құттықтап, «Жерге оралуларыңмен!» деп жазды.

16 қыркүйек күні америкалық SpaceX компаниясы алғаш рет Crew Dragon кораблімен Falcon 9 зымыран-тасымалдағышын іске қосқан болатын.

Айта кететін жайт, экипаж құрамында тек азаматтық тұлғалар болды. Олар АҚШ-тың Флорида штатында орналасқан Канаверал ғарыш айлағынан ұшты.

Зымыран жергілікті уақыт бойынша 20:02 сағатта Inspiration4 миссиясымен көкке көтерілген. Компания өз сайттарында трансляция жүргізді.

Зымыранның ұшуы бір уақытта ғарышта болған адамдар саны бойынша рекорд орнатты. 1995 жылы наурыз айында төмен жер маңындағы орбитада 13 адам орналасқан болатын. Ал Inspiration4 миссиясында адамдардың саны 14-ті құрады.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...