СOVID-19: Жыл басынан бері Маңғыстауда қанша адам індеттен қайтыс болғаны белгілі болды

15 Қазан 2021, 11:56
3397
Бөлісу:
СOVID-19: Жыл басынан бері Маңғыстауда қанша адам індеттен қайтыс болғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова хабарлады. Оның айтуынша, Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді.

20 қыркүйектен бастап өңір «жасыл» аймақта. Облыста жыл басынан бері 19 337 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Ал соңғы бір апта ішінде жағдайға тоқталсақ, 71 адамнан індет анықталды. Өкінішке қарай 770 адам вирустың құрбаны болды. Оның ішінде, COVID-19-дан – 487, пневмониядан 283 адам көз жұмды. Соңғы тәулікте қайтыс болғандар туралы дерек тіркелген жоқ, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ өңірде репродуктивтік көрсеткіш 1,0-ге тең.

Бүгінгі күнге дейін 22 332 азамат емделіп шықты. 8-15 қазан аралығында 111 адам ем қабылдап, дерттен сауықты. Қазіргі таңда тұрғындарға 375 инфекциялық және 57 реанимациялық төсек-орыны бар 8 стационар қызмет көрсетуде, - деді Гүлмира Қалмұратова.

Өзгелердің жаңалығы