Көшербаев тарих ғылымы алдында тұрған келелі міндеттерді атады

15 Қазан 2021, 11:52
5659
Бөлісу:
Көшербаев тарих ғылымы алдында тұрған келелі міндеттерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев профессор Тұрсын Жұртбайдың 70 жылдық мерейтойына арналған "Елдік ұстаным және Тәуелсіздік нысанасы" ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтты.



Мемлекеттік хатшы тарихқа қатысты бірқатар ойын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті. Соның негізінде тарихи ілім-білімнің біржақты көзқарастарынан арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасауды, ежелгі және орта ғасырлар тарихына баса назар аударуды ұсынды.

Бұдан бөлек Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихын қайта пайымдаудың, еліміздің осы заманғы тарихының толғақты мәселелерін зерттеуді күшейтудің, қазақ диаспораларының тарихын зерделеудің маңызды екеніне тоқталды.

Қазақстан тарихы мене қазақ этносының ара-жігі ажыратылмаған. Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіру тарихының жай-жапсары да әлі толық ашылған жоқ. Қазақстанның КСРО-ға қосылуын да реалистік тұрғыдан қарау қажет. Сондай-ақ этностық қауымдардың,Қазақстанға көшіп, жер аударылуына, осында қоныс тебуі сынды мәселелер де өз зерттеушілерін күтіп отыр. Осы айтылған дүниелер негізінде Қазақстанның тарих ғылымсының алдында келелі міндеттер тұр деп есептеймін, - деді ол.


Айта кетейік, конференцияға ҚР Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаров, ҚР Президентінің баспасөз-хатшысы Берік Уәли, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Өзгелердің жаңалығы