СОVID-19 балаларды вакцинациялауға кедергі келтіруде

28 Сәуір 2020, 12:45
1704
Бөлісу:
СОVID-19 балаларды вакцинациялауға кедергі келтіруде

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. Тедрос Гебрейесустың айтуынша, пандемия салдарынан полиомиелитке қарсы вакцинацияны тоқтата тұруға тура келген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Гебрейесус коронавирус пандемиясы балаларды өзге де қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялауға кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы "Интерфакс-Украина" хабарлады.
Салыстырмалы түрде алсақ, балалардың СОVID-19 инфекциясын жұқтыру көрсеткіші төмен болуы мүмкін, бірақ оларға вакцина көмегімен алдын алуға болатын басқа да аурулардан келетін қауіп басым, - деді Тедрос Гебрейесус.
Гебрейесустың мәліметінше, әлемде жыл сайын 116 миллионнан астам балаға немесе әлем елдерінде дүниеге келген балалардың 86%-на вакцина салынады.
Алайда, әлемде вакцинация салынбайтын әлі де 13 миллионнан астам бала бар. СОVID-19 салдарынан бұл көрсеткіштің тағы да өсетінін жақсы білеміз, - деді ол.
Бас директордың айтуынша, пандемия салдарынан полиомиелитке қарсы вакцинацияны тоқтата тұруға тура келген. Ал, кейбір мемлекеттерде жоспарлы вакцинация тоқтатылған немесе масштабы қысқартылған.

ДДҰ-ның басшысы ата-аналардың балаларын вакцинацияға апаруда кедергі келтіріп отырған коронавирус инфекциясын жұқтырып алу қорқынышы және вакцина салдыруға қатысты жалған ақпарат жағдайды одан сайын ушықтырып отырғанын айтады.

Айта кетейік, әлем бойынша коронаврус жұқтырғандар саны 3 миллионнан асты. Инфекция салдарынан 207 мыңнан астам адам қаза тауып, 870 мыңнан астамы дерттен айығып шыққан.


Өзгелердің жаңалығы