СOVID-19: Ақтөбеде 10 мыңнан астам адам үй карантинінде отыр

24 Қыркүйек 2021, 17:28
8675
Бөлісу:
СOVID-19: Ақтөбеде 10 мыңнан астам адам үй карантинінде отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров хабарлады. 

Оның айтуынша, соңғы аптада стационарлық емделушілер санының 23%-ға азайған.

Нақтылай кететін болсақ, ауруханада жатқандар саны 875-тен 658 науқасқа төмендеуі байқалған. Ал жағдайы ауыр науқастар саны 15%-ға, яғни 97-ден 84 науқасқа төмендеді деп отыр.

Барлығы 261 бала бақылауда, оның ішінде 9 бала стационарлық ем алады, 252 бала амбулаторлық ем алады. Жағдайы ауыр бала жоқ.

95 жүкті әйел дәрігердің бақылауында, оның ішінде 33 стационарлық деңгейде, 62 амбулаторлық деңгейде ем қабылдауда.

Облыстың шекаралас аймақтарына орналастырылған 2 карантиндік ауруханада 4 адам бақылауда, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.
Облыстың жұқпалы аурулар ауруханаларында дәрі-дәрмекпен және жеке қорғаныс құралдарымен жеткілікті қамтамасыз етіліпті. Қазір 2,7 млн маска, 1,6 млн жұп қолғап, 73,6 мың қорғаныс бір реттік костюм қоры бар көрінеді.
Өңірдегі МСАК ұйымдарында 173 мобильді топ құрылды, олар коронавирусқа шалдыққан адамдардың үйіне барып, медициналық көмек көрсетеді. 10 845 адам амбулаторлық бақылауда, үй карантинінде, - деді Руслан Хамбаров.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында коронавирусқа шалдыққан 15 адамның жағдайы ауыр екендігі туралы жазған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы