Бас жаңалықтар
Ақтөбе облысында коронавирусқа шалдыққан 15 адамның жағдайы ауыр
24 Қыркүйек 2021, 17:05 226

Ақтөбе облысында коронавирусқа шалдыққан 15 адамның жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров хабарлады. 

Оның айтуынша, облыста індет басталғалы коронавирусты 32 130 адам жұқтырған.

Сондай-ақ пневмонияға шалдығудың 3447 дерегі тіркеліпті.

Пандемия басталғалы ауырғандардың арасында 29 605 науқас сауығып шықты. Бұл бұл 92%-ды құрайды. Қазір облыстың жұқпалы аурулар ауруханаларында 658 науқас емделуде. Оның 520-ы - қалада, аудандарда – 138-ге тең. Ал реанимация бөлімінде 84 науқас жатыр. Олардың 15-нің жағдайы ауыр, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.
Айта кететін жайт, облыстағы коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған төсек сыйымдылығы 3 603 төсекті құрайды. Оның 401-і реанимациялық кереуеттер.
Бүгінде 18 инфекциялық ауруханада барлығы 1880 керует қызмет көрсетуде. Нақтылап айтар болсақ, Ақтөбеде - 5, аудандарда - 13. Қазіргі уақытта инфекциялық кереуеттер жүктемесі саны 35,4%-ды, реанимациялық кереуеттер жүктемесі 38%-ды құрады, - деп атап өтті Руслан Хамбаров.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...