Соңғы үш жылда 72 мың адам жұмыспен қамтылды – Байбек

20 Ақпан 2019, 12:55
1577
Бөлісу:
Соңғы үш жылда 72 мың адам жұмыспен қамтылды – Байбек

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы үш жылда Алматыда жұмыспен қамтылғандар саны 72 мыңға жетті. Осыған орай жұмыссыздар деңгейі бірінші рет ,1% дан 5,2% дейін түсті, ал жастардың жұмыссыздығы 1% дан 6,4% төмендеді. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала тұрғындарымен кездесу кезінде айтты.


Оның айтуынша, жалақыны көтеру мен жұмыс орындарын құру қазір кәсіпкерлердің қолында. Өйткені бизнес ел экономикасын дамытудың негізі.

«Президент айтқандай «Қазақстандықтарды жалақымен және жұмыспен қамтитын бизнес» болып отыр. Сондықтан біз кәсіпкерлік үшін жағдай жасап, инвестиция тартуда қолдауымыз керек. Өздеріңізге белгілі Алматыда бизнес үшін жақсы жағдай жасалуда. Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингінде Алматы 28 орынды иеленді. 2015 жылы 77 орында едік»,- деді ол.

Сонымен қатар ол, салықтық жүктемені төмендету үшін Президент бұйрығымен 19 мың салық төлеушіге рақымшылық жасалғанын айтты.

«19 мың салық төлеушінің 15 млрд теңге айыппұлы кешірілді. Қазіргі таңда бес мың кәсіпкердің 2 млрд теңге айыппұлына рақымшылық жасау тұр»,- деді әкім.
Әділет МҰСАХАЕВ
Өзгелердің жаңалығы