СҚО-ға қоныс аударған халыққа берілген «проблемалы» үйдің сапасы тексеріледі

26 Мамыр 2021, 10:24
2927
Бөлісу:
СҚО-ға қоныс аударған халыққа берілген «проблемалы» үйдің сапасы тексеріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО-ға қоныс аударушыларға арналған тұрғын үй құрылысының сапасын тексеретін жұмыс тобы құрылды.

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында қоныс аударушыларға арналған баспана құрылысының сапасын тексеретін жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілдері кірді. Жұмыс тобының мүшелері тұрғындардың барлық шағымын қарап, салынған үйлерді тексереді және сараптамалық қорытынды жасайды. Оның қорытындысы бойынша сапасыз орындалған жұмыстар түзетіледі, - делінген хабарламада.
Жұмыс тобы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды.

Бұған дейін еліміздің оңтүстік өңірінен солтүстікке көшіп барған отбасылар мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің сапасына шағымданып отырғаны хабарланды. Күнгейден келген жұрт жаңа баспананың қыста суық екенін айтады. Оның үстіне ешқандай жағдай жасалмаған.

Өзгелердің жаңалығы