Қарумен қашқан сержант ұсталды – ІІМ

20 Ақпан 2020, 20:28
1867
Бөлісу:
Қарумен қашқан сержант ұсталды – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаруды не үшін және қалай ұрлағаны әзірге белгісіз.

Тек ҚР ҚК 291-бабына сәйкес қаруды алып қашу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Әскери бөлімшеден қашқан сержантты іздеу шаралары аяқталды. ІІМ және ҰҚК арнайы шұғыл тобының қызметкерлері бүгін әскери бөлімнен қару алып қашқан 1995 жылы туған Балғынбай Абылай Бағдатұлын ұстады. ҚР ҚК 291-бабына сәйкес қаруды алып қашу фактісі бойынша  сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті тергеу шаларалы жүріп жатыр, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласының маңындағы әуеге қарсы қорғаныс әскери бөлімдерінің бірінен келісімшарт бойынша кіші сержантА. Балғынбай  бөлімнен өз еркімен шығып кеткен болатын.
Өзгелердің жаңалығы