Өскемендегі қоғамдық көліктерде жолақы жеңілдігі қайтарылады

18 Шілде 2019, 08:53
1549
Бөлісу:
Өскемендегі қоғамдық көліктерде жолақы жеңілдігі қайтарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласындағы қоғамдық көліктерде жолақы жеңілдігі қайтарылады. Қала басшылығы  жеңілдікті жойған  үш автопаркпен келісім-шартты бұзды.

«Хабар 24» хабарлағандай, шілде  айының басында  жолаушылар тасымалдайтын үш компания бірінен соң бірі 7 ден 15 жас аралығындағы балалар мен зейнеткерлерге арналған жолақыдағы 50 проценттік жеңілдікті алып тастаған. Себебі бұл автопарк басшылары соңғы екі жылда тек шығынға батқандарын айтып, қала әкмідігіне  субисидия төлеу туралы ұсыныс жасаған. Алайда шаһар басшылығы әр тасымалдаушы компания әр түрлі шығын мөлшерін көрсеткендіктен субсидия беруден  бас тартқан. Осыдан соң бірден үш автопарк барлық жеңілдікті бір күнде жойды. Қала әкімдігі болса ол тасымалдаушы компаниялармен келісім-шартты бұзды. Олардың орнына жолаушыларға жеңілдік ұсына алатын басқа тасымалдаушы мекемелермен келіссөз жүргізіп жатыр. Қала басшылығы тамыз айының ортасына  дейін мәселе оң шешімін табатынын жеткізді. 

"Біз бұл тасымалдаушы компанияларға бұған дейін көп жеңілдік жасап келдік. Бірақ оған қарамастан балаларға дейін жеңілдікті алып тастады. Осыдан соң ол автопарктерге   келісімшартты  бұзу туралы  хабарлама жібердік. Ал жаңадан келісім жасайтын тасымалдаушы компаниялар балар мен зейнеткерлер ге жеңілдікті қайтаратын болады", - деді қала әкімінің орынбасары Тамара Рахимжанова.


Өзгелердің жаңалығы