Ақтауға синтетикалық есірткі әкелген екі қыз ұсталды

24 Қаңтар 2020, 15:02
6014
Бөлісу:
Ақтауға синтетикалық есірткі әкелген екі қыз ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында екі апталық жедел әзірлеме нәтижесінде Маңғыстау облысы Ақтау қаласы аумағына мефедрон синтетикалық есірткісін жеткізу арнасына тосқауыл қойды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Ақтау қаласына аталған есірткіні жеткізу туралы мәлімет алынғаннан кейін жалға алынған пәтерде қолдарында жалпы салмағы 96 грамм есірткі партиясы бар Қазақстаннның екі әйел азаматы ұсталды. Жауап алу барысында қыздар есірткі өткізу нарығын зерделеу және көтереме сауда үшін сатып алушылар іздестіру үшін Ақтау қаласына келгені анықталды. Бұдан кейін жедел іс-шаралар кешенінің нәтижесінде сол жалдамалы пәтерде тағы екі "гастролер" ұсталды. Олар мефедрон тағы бір партиясын өткізу үшін Ақтау қаласына келген. Олардан 392 грамм синтетикалық есірткі алынды, – делінген хабарламада.

Бұл адамдар әрі қарай көтерме сауда жасау үшін Ақтауға мефедрон тасымалын қолға алуды жоспарлаған.

Ұсталғандарға қатысты қылымыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, иемдену, сақтау тасымалдау немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен өткізу" сотқа дейінгі өндіріс басталды. Жаза мүлкін тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Өзгелердің жаңалығы