Бас жаңалықтар
СІМ Әзербайжан-Армения шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады
13 Шілде 2020, 21:56 201

СІМ Әзербайжан-Армения шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы адам өліміне әкеліп соққан Әзербайжан-Армения шекарасында болған қарулы қақтығысқа алаңдаушылық білдіреді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Достас Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасын даулы мәселелерді шешуде ұстамдылық танытуға және күш құралдарын пайдаланудан бас тартуға шақырамыз. COVID-19 пандемиясы мен әлемдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы аясында қақтығыстың одан әрі өршуі күтпеген теріс салдарға әкелуі мүмкін - делінген хабарламада.

Бейбітшілік пен келісімге, ең алдымен, екіжақты форматта тез арада қол жеткізетініне үміт артамыз. Халықаралық ұйымдар шеңберінде, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД, АӨСШК алаңдарыда қақтығысты шешудің бейбіт жолдарын іздеуге барынша жәрдемдесуге дайынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...