Шымкентте жол жиегіндегі арықтан әйелдің денесі табылды

22 Сәуір 2021, 00:30
1908
Бөлісу:
Шымкентте жол жиегіндегі арықтан әйелдің денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында жол жиегіндегі арықтан әйел адамның мәйіті табылды. Полицейлердің жіті тексеруі нәтижесінде марқұмның 39 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені анықталды.

Оқиғаның себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіледі және соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өзгелердің жаңалығы