Бас жаңалықтар
Шымкентте вирус жұқтырған адам жайлы айтылды
01 Сәуiр 2020, 11:49 2231

Шымкентте вирус жұқтырған адам жайлы айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында 2020 жылы 1 сәуір күні коронавирус жұқтырған 1 азамат тіркелді. Ол 51 жастағы қала тұрғыны. Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдай штабы хабарлады.

Науқас қазіргі уақытта Шымкент қалалық жұқпалы аурулар аураханасына оқшауланып, ем қабылдауда. Жағдайы бір қалыпты. Дертті жұқтырған азаматпен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Қосымша мәліметті алдағы уақытта хабарлайтын боламыз - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елімізде коронавирустан көз жұмғандар саны 3 адамға жетіп, сырқаттар саны 360-тан асқанын хабарлаған болатынбыз.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...