Бас жаңалықтар
Шымбұлақ ТМД бойынша үздік курорт тізіміне енді
19 Қаңтар 2019, 16:21 1820

Шымбұлақ ТМД бойынша үздік курорт тізіміне енді

Алматы, BAQ.KZ. "ТурСтат" аналитикалық агенттігі ұйымдастырған интернет дауыс берудің қортындысы бойынша Алматыдағы Шымбұлақ тау шаңғы курорты ТМД бойынша үздік қысқы курорттар қатарында екінші орыннан көрінді. Бұл туралы informburo.kz хабарлады.


Аталған сауал Халықаралық шаңғы спорт федерациясының ұйымдастыруымен дүниежүзілік Қар күні қарсаңында жүргізілген. 
Дауыс берудің нәтижесінде Белорустің Логойск пен Силичиі ТМД-ғы үздік тау шаңғы курорты атанды, екінші орында Алматының  Шымбұлағы екінші орында, ал Әзербайжанның Шахдаг пен  Туфандаг курорттары үшінші орында.

Одан кейінгі тізімде Арменияның Цахкадзоры мен Қырғызстанның Қаракөлі орналасқан.

Еске салсақ, өткен жылдың қараша айында Шымбұлаққа асты шыныдан жасалған аспалы көпір тартылған. Ал тау шаңғысының ең жоғары биігіне 30 млн теңге тұратын дәретхана орнатылған.

Сізден жаңалық