Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шотландияның Глазго қаласында жұртқа пышақ алып жүгірген біреу бес адамды жаралады, деп хабарлайды РИА Новости.
Оқиға қала орталығындағы қонақүйдің кіреберісінде болған. Салдарынан 3 адам қаза тапты. Ал жараланғандар арасында полицей бар. Қазір оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.Тәртіп сақшылары қылмыскерді атып, ауыр жарақаттады. Ақыры ол қайтыс болды.
Оқиға бақылауға алынған, ешқандай қауіп жоқ деп сендіргім келеді. Қарулы полиция орнында. Полиция күдікті адамды атып тастағанын растай аламын. Оқиға кезінде полиция қызметкері жарақат алды, оған ауруханада көмек көрсетіліп жатыр, - деп мәлімдеді Шотландия полиция бастығының орынбасары Бернард Хиггинс.