Шөкеев шошқа етін Қытай нарығына шығаруды тапсырды

7 Ақпан 2019, 16:00
4401
Бөлісу:
Шөкеев шошқа етін Қытай нарығына шығаруды тапсырды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев әріптестеріне мал еті шаруашылығына назар аударды тапсырды. Бұл туралы ол ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.

Ең алдымен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев баяндама жасады.

«2018 жылдың екінші жарты жылдығынан абстап мал еті шаруашылығы бағдарламасы ауқымды жүзеге асырыла бастады. Оның негізі шағын және орта кәсіпкерлік болып отыр. «Сыбаға» арнайы жеңілдіпен несие өнімі іске қосылды. 6 айда 600 астам отбасылық ет фермалары кнесие алып, бағдарламаға кірді. Нәтижесінде 2018 жылы сиыр етінің экспорты 19,9 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылдан 3,6 есеге көп. Биылғы жоспар 25 мың тонна болса, біз 30 мың тоннадан кем емес сиыр етін экспортталауға ниеттіміз», - деді Евниев министрліктің алқа отырысында. 

Шөкеев барлық еттің экспорты қанша екенін сұрады. 

«Биыл жалпы көлем – 33 мың тонна, келер жылы 40 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деп жауап берді вице-министр.

Ауыл шаруашылығы министрі 60 мың тоннаға жеткізуді тапсырды. 

«Біздің потенциалымыз жоғары. Қарапайым болудың қажеті жоқ. 60 мың тоннаға жеткіземіз бе, жоқ па?» - деп сұрады ауыл шаруашылығы министрі өзінің орынбасарынан. 

Евниев болса осы мәселеге көңіл бөлініп отырғанын айтты. 

«Гүлмира Сұлтанбайқызы (ауыл шаруашылығы вице-министрі – авт.), міндетті түрде шошқа етін Қытайға өткізуіміз керек. Себебі Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Талдықорғанда бәрі дайын тұр. Қытай нарығына шықсақ үлкен жаңалық болады деп ойлаймын. Бақылауға алыңыз», - деді ол.

Назерке Абибулла
Өзгелердің жаңалығы