Бас жаңалықтар
ШҚО-да шектеу талаптарын бұзған 10 жағдай анықталды
05 Мамыр 2021, 23:35 305

ШҚО-да шектеу талаптарын бұзған 10 жағдай анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша мониторингтік топтар жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Алтайньюс.

4 мамырда мониторингтік топтар Өскемендегі 162 нысанды тексерді. Нәтижесінде облыстың бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу режимін бұзған 8 факті тіркелді. Сонымен қатар, бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 175 020 теңгені құрайтын айыппұл салынды.

Риддерде 71 нысан рейдтік іс-шарамен қамтылып, шектеу шараларын бұзған 1 жағдай анықталды. Бұған дейінгі рейдтерден қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 43 755 теңге сомасына 1 айыппұл салды.

Алтай ауданында  138 нысанға тексеру жүргізіліп, бір құқық бұзушылық анықталды.

4 мамырда облыстың қалалары мен аудандарында барлығы 1000-нан астам нысан тексерілді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...