Шәукенова: Қазақстан дамуына Назарбаев ықпалы ұзақ уақыт сезілетін болады

1 Желтоқсан 2021, 09:38
2095
Бөлісу:
Шәукенова: Қазақстан дамуына Назарбаев ықпалы ұзақ уақыт сезілетін болады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Осы аралықта Қазақстан атауымен қатар жүрген бір есім – Нұрсұлтан Назарбаев. Замана тұлғаларының бағасын тарих береді. Десе де Тұңғыш Президенттің саяси келбеті жайлы кез келген адам ойланады деп ойлаймыз.

Осы орайда Президент жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шәукеноваға бірнеше сауал қойған едік. Ендеше саясаткердің саяси көшбасшы жайлы сұқбатын назарларыңызға ұсынамыз.

- Алдыңғы буын ағалардың Елбасы туралы пафосқа толы әсіре мақтауларын көп естігендіктен бе, жастар арасында Нұрсұлтан Назарбаев туралы негатив пікірлер де бар. Жалпы ешқандай жағымпазданусыз, ешқандай пафоссыз, біз Назарбаевтың саяси бағасын бере алдық па?

- Қазақстанның Тұңғыш Президенті – қазақ мемлекеттілігінің өзегі болды. Себебі, ол өз халқы үшін тұрақтылықтың берік кепілі, күрделі саяси-экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді жүзеге асыруға, Қазақстанды бүкіл әлемдік қауымдастықтың мойындауына қол жеткізуге барын салды. Соның нәтижесінде, халықаралық қауымдастық санасында Қазақстан мен Нұрсұлтан Назарбаев арасында ассоциативтік байланыс қалыптасты.

Дұрыс айтасыз, бүгінде Тәуелсіздік тұсында өмір сүріп жатқан ел азаматтарының екінші ұрпағы өсіп келеді. Бірақ, осы жылдар ішіндегі өзгерістердің ауқымын оларға ғана емес, кейде аға буынның өзіне бағалау қиынға соғады. Осыдан 30 жылдай бұрын Қазақстан халқы өз тарихындағы ең қиын кезеңдердің бірін бастан өткерді. Сол кездері Кеңес Одағы ыдырағаннан соң кәсіпорындардың көпшілігі тоқтап, миллиондаған адам жұмыссыз, ертеңгі күнге деген сенімнен айырылды. Азық-түлікті карточкамен алды, ал көрші мемлекеттерді ұлтаралық қақтығыстар мен азаматтық соғыстар шайқап жіберді. Міне, араға үш онжылдық салып Қазақстан серпінді экономикасы бар мемлекетке, халықаралық қатынастардың беделді қатысушысына айналды.

Шетелдік зерттеулер негізінде Н.Ә.Назарбаев бейнесінің әлемдік саяси әрі саясаттану өрісінде қалайша дамығанын байқауға болады. Реформатор-экономист, автократ, либерал, біріктіруші, мемлекетші, ұлт құрушысы, демократияның табанды жақтаушысы, қатаң саясаткер, икемді прагматик – осының бәрі жиырма жылдан астам Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қызметін серік еткен түсініктер мен бейнелердің жиынтығы. Әрине, бұны толықтыра түсуге де болады. Н.Ә.Назарбаев өте қиын кезеңде, КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан Президенті және оның ұлт көшбасшысы болды.

Сұқбаттың толық нұсқасын мына жерден оқыңыздар!

 

Өзгелердің жаңалығы