Бас жаңалықтар
Шарын мен Алтын-Емелде туристерге арналған алаңдар ашылады
20 Қыркүйек 2021, 11:38 159

Шарын мен Алтын-Емелде туристерге арналған алаңдар ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 қыркүйек Премьер-министр еліміздің ең ірі ұлттық парктерінің бірі – «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде сапармен болды.

Сапар аясында «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Орман Нұрбаев пен жоба жетекшісі Жәнібек Әлкеев Премьер-министрге Шарын шатқалында шағын сәулет нысандарын орнату бойынша жұмыс нәтижелерін ұсынды, сондай-ақ осы екі ұлттық парктегі инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасымен таныстырды.

Осылайша, «Шарын» саябағында сусыз жұмыс істейтін эко-әжетханалар, демалуға арналған жаппалар, гроталар (арнайы көлеңкелі шатырлар), келген туристерге арналған ауызсу бұрқақтары, сондай-ақ шолу алаңдары пайда болды. Дәл осындай жағдай «Алтын-Емел» саябағының аумағында да жасалады, ал әзірше мұнда жануарларды бақылауға арналған байқау мұнарасы орнатылған, уақыт өте келе тағы бірнеше мұнара орнату жоспарланып отыр, - делінген «QazaqGeography» баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Бұдан бөлек, «Шарын» туристік маршрутының бір бөлігі - «Сарайлар алқабында» енді туристерді бағдарлау үшін навигация жұмыс істейді.

Осы «Сарайлар алқабында» «QazaqGeography» ұялы оператормен серіктестікте ұялы байланыс антенналарын орнатты. Экотуризмді дамыту және «жасыл» технологияларды пайдалану, қоршаған ортаны сақтау бойынша «QazaqGeography» міндеттерін ескере отырып, антенналарды электр қуатымен қамтамасыз ету күн батареялары және жел генераторларының көмегімен жүргізілетінін атап өткен жөн: өндірілген электр қуаты арнайы аккумуляторларда жинақталады және станцияны тәулік бойы энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Біз басты мақсатымыз – ұлттық табиғи саябақтарды барынша сапалы әрі ыңғайлы инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге, табиғатымыздың бірегейлігін, тұтастығы мен тазалығын сақтай отырып, туристер үшін тартымды етуге сеніммен қадам басып келеміз. «QazaqGeography» қоғамның табиғатқа деген қатынасын жақсы жаққа өзгертуге, бүкіл халықтың ұлттық қазынасы мен ата-бабаларымыздың мұрасына деген қамқорлығын тәрбиелеуге және дарытуға ниетті, - деді «QazaqGeography» басқарма төрағасы Орман Нұрбаев.

Премьер-министр өз кезегінде қоғамдық бірлестіктің жұмысын жоғары бағалап, ұлттық саябақтарды одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Фото: дереккөз
Загрузка...