Бас жаңалықтар
10 мыңнан астам тұрғын бір өтінішпен зейнетке шықты
13 Қазан 2019, 12:13 794

10 мыңнан астам тұрғын бір өтінішпен зейнетке шықты

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері өңірдің 10 мыңнан астам тұрғынына бір өтінішпен зейнетақы ресімдеген.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан тура бір жыл бұрын зейнет жасына жеткендер үшін зейнетақы рәсімдеу тәртібі жеңілдеген. Қазан айынан бастап зейнеткерлікке байланысты төлемдер тағайындау бойынша барлық мемлекеттік қызмет "бір өтініш" принципі бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілді.

Филиал директоры Азамат Есемубловтың айтуынша, зейнет жасына жеткен азаматтар зейнетақы төлемдерін бір орынға - мемлекеттік корпорацияға жүгінген. Төлемдердің үш түрін тағайындауға арналған қызметтердің барлық жиынтығы құжаттардың минималды тізімін қолданумен бір ғана өтініш негізінде ұсынылды.    

Бұған дейін зейнеткерлік жасқа жеткен азамат ХҚО-ға келіп зейнеткерлік жасқа жетуі және базалық зейнетақы төлеу туралы 2 өтініш беретін, әрі бір айдан кейін қайтадан мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы өтініш жазып, сосын  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлемдерді төлеу жайлы тағы  бір өтініш беретін. Енді осы 4 қызмет үшін ХҚО-ға бір-ақ рет келіп, бір ғана өтініш тастаса жеткілікті.

Сонымен қатар, осы жылдың тамыз айынан бастап мемлекеттік корпорация пилоттық жобаны іске қосты, оған сәйкес өтініш берушіге зейнеткерлікке шығудан 10 күн бұрын бірқатар SMS хабарламалар келіп түседі. SMS-ке жауап беру арқылы болашақ зейнеткер халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, бәрін реттей алады. Әзірге бұл пилоттық жоба тек мемлекеттік корпорация қызметкерлерін ғана қамтиды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...