Сенат депутаттығына үміткерлер арасында әйелдердің үлесі артқан

13 Шілде 2020, 16:55
2008
Бөлісу:
Сенат депутаттығына үміткерлер арасында әйелдердің үлесі артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар ұсыну кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлады.

ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев аумақтық сайлау комиссияларының мәліметтері бойынша 2020 жылғы 13 маусым мен 12 шілде аралығында республика бойынша Парламент Сенатының депутаттығына 94 кандидат ұсынылғанын хабарлады.

Сайлау науқандарында әйелдердің саяси белсенділігі артқан.

Ұсынылған үміткерлердің ішінде 19 әйел бар (2017 жылы - 13, 2014 жылы - 5, 2011 жылы - 6). Үміткерлердің орташа жасы 51,1 жасты құрайды (2017 жылы – 51,9, 2014 жылы – 54,1; 2011 жылы – 53,3). Ең жас үміткер 30 жаста болса, ең үлкені 69 жаста. Мамандықтар бойынша айтсам,  29 – инженер, 20 – экономист, 12 – педагог, 10 – заңгер, 10 – аграрлық сала қызметкері, 7 – дәрігер, 3 - журналист, 1 - саясаттанушы және 1 басқа мамандық иесі бар, - дейді Берік Имашев. 

Сенатқа қазіргі сайлау барысында  82 кандидат өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған. Салыстырмалы түрде бұл көрсеткіш 2017 жылы - 92,1%, 2014 жылы - 82,9%, 2011 жылы - 82,7% болған. Бұл ретте мәслихаттар 12 кандидат ұсыныпты (2017 жылы 7 немесе 7,9%).

Жалпы, ұсынылған кандидаттардың ішінде - коммерциялық құрылымдардың 38 қызметкері, мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің 23 қызметкері, 18 мемлекеттік қызметші, 9 қоғамдық ұйымдардың өкілі, 2 жұмыс істемейтін адам бар. Сондай-ақ, қызмет атқарып отырған 4 сенатор өз кандидатураларын ұсынды, - дейді ОСК төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы