Сексеуілді рұқсатсыз кескен азамат ұсталды

23 Қазан 2019, 00:20
2171
Бөлісу:
Сексеуілді рұқсатсыз кескен азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында сексеуілді заңсыз тасымалдаумен айналысқан азамат ұсталды, деп хабарлады облыстық табиғат қорғау прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, 18 қазанда "Батыс Қытай-Батыс Еуропа"  тас жолының 1820-шақырымында табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері "К" есімді азаматтың басқаруындағы "DAF" маркалы, мемлекеттік белгісі KF789A (тіркемесі GG149U) жүк көлігін ұстады.

Тіркемені қарау барысында кесу және тасымалдау рұқсатынсыз, салмағы 22 тоннаны құрайтын сексеуіл ағашы анықталған. Сексеуілді жасыру үшін тіркеменің ауызғы бөлігіне қораптарды жинап тастаған.

 Жүргізушінің берген мәліметі бойынша, сексеуіл ағашын бұған дейін де Қызылорда қаласынан Алматы қаласына тасымалдап келген.

"Сексеуілді рұқсатсыз кесуден мемлекетке 600 мың теңгеден астам шығын келді" , - делінген хабарламада.

Аталған дерек Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуратурасының ақпаратты есепке алу кітабіна тіркеліп, тергеу реттілігі бойынша Қызылорда қалалық полиция басқармасына жолданды.

Қазіргі таңда полиция органымен ҚР ҚК 340-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы