Сайлаушылардың 35,1% дауыс берді – ОСК

9 Маусым 2019, 12:24
1218
Бөлісу:
Сайлаушылардың 35,1% дауыс берді – ОСК
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы сағат 12.00-ге дейін келген мәліметтерді жариялады. 

"2019 жылдың 9 маусымы сағат 12.00-ге келіп түскен ақпаратқа сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардағы сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтері бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың  35,1% дауыс берді. Олардың ішінде Ақмола облысы 45,9%, Ақтөбе облысы бойынша 50,3%, Алматы облысы 47,3%, Атырау облысы бойынша 33,5%, ШҚО бойынша 44,8%, Жамбыл облысы, Қостанай облысы бойынша 35,5%, БҚО 26,1%, Маңғыстау облысы бойынша 29,3%, Қызылорда облысы 39,3%,  Қарағанды 29,6%, Түркістан облысы 30,0%, СҚО 33,9%, Павлодар 36,6%, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 24,6%, Алматы қаласы 19%,  Шымкент қаласы бойынша 24,6% дауыс берді. Дауыс беру заң аясында өтіп жатыр", - деді ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Өзгелердің жаңалығы