Қарағандыда саяжайлар өртенді

9 Қазан 2019, 15:29
2375
Бөлісу:
Қарағандыда саяжайлар өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тілсіз жау 10 саяжай учаскесін шарпыған, оның 5-еуі иесіз жатқан, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК-ның баспасөз қызметі.

9 қазан күні сағат 13.05 шамасында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданында «Мир» саяжай қоғамының территориясында өрт шығып, ағаш қоршаулар, қоқыс, кеуіп кеткен шөп өртке оранды. Алдын ала мәлімет бойынша тілсіз жау 10 саяжай учаскесін шарпыған, оның 5-еуі иесіз жатқан жер. 

"Өртенген жердің аумағы анықталуда. Тілсіз жауды сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД-ның жеке құрамынан 31 адам және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - делінген ТЖД хабарламасында.



 

Өзгелердің жаңалығы