Сарыағаш медресесі. Смановтың орнына тағы бір Сманов келді

8 Шілде 2020, 01:30
7455
Бөлісу:
Сарыағаш медресесі. Смановтың орнына тағы бір Сманов келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Сарыағаш" медресе-колледжіне директор тағайындалды. Енді бұл жауапты қызметке Дінмұхаммед Сманов басшылық жасайды.

Дінмұхаммед Абдужаппарұлы Сманов 1985 жылы 19 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Үйленген, 3 қыз, 2 ұлы бар.

Дінмұхаммед Абдужаппарұлы 1991-2002 жылдары Ынтымақ ауылындағы С.Майлықожа атындағы орта мектепте білім алған; 2003-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Сұлтанқорған мешітінің Құран Кәрім курсын тәмамдаған; 2007-2009 жылдары Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Араб тілі институтында білім алған; 2009-2013 жылдары Сауд Арабиясы Корольдігіндегі "Ислам" университетінің Шариғат факультетін үздік дәрежемен аяқтаған; 2015-2017 жылдары Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің Дінтану мамандығы бойынша магистр дәрежесін қорғаған.

2015-2017 жылдары "Науан хазрет" атындағы Көкшетау Орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарған; 2015 жылдан бері Ақпараттық-насихат тобының мүшесі; 2017 жылдың наурыз айынан бастап "Әзірет Сұлтан" мешітінің ұстазы; 2020 жылдың қаңтар айынан бастап "Әзірет Сұлтан" мешітінің наиб имамдық қызметін атқарды.

Астана қалалық "Жергілікті түсіндіру тобының" (ЖТТ) мүшесі.

2019 жылдан бастап ҚМДБ-ның жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі.

2019 жылдан бастап ҚР АҚД Дін істер комитетінің жанынан құрылған өңірлік дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшесі.


Өзгелердің жаңалығы