Бас жаңалықтар
Шымкенттік пәтерлердің бірінен екі сарбаздың денесі табылды
24 Ақпан 2020, 13:06 1726

Шымкенттік пәтерлердің бірінен екі сарбаздың денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте жалдамалы пәтерден екі сарбаздың денесі табылды, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

24 ақпанда сағат 8.40-та жедел басқарма пультіне көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен 1994 жылғы және 1992 жылғы ер адамдардың денелері табылғаны хабарланды. Бір біріне туыс болып келетін екеуі де Шымкенттің № 556/52 әскери бөлімінде қызмет еткен. Олар пәтер жалдап тұрған. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖД мәліметінше, үйді жылыту мақсатында газ плитасы қолданылған. Салдарынан пәтерде табиғи газ тарап кеткен. 

Оқиға орнында ТЖД үш қызметкері мен полиция департаментінің төрт қызметкері жұмыс істеуде.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...