Сарапшылар XXI ғасырдың ең жұмбақ кеселі туралы айтты

29 Мамыр 2020, 22:00
2978
Бөлісу:
Сарапшылар XXI ғасырдың ең жұмбақ кеселі туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 28 мамыр – 30 мамыр күні дүние жүзінде Халықаралық шашыраңқы склерозбен (ШС) күрес күні аталып өтеді.

 Шашыраңқы склероз – бұл өз иммундық жасушаларың жүйке талшықтарының қабықшасына шабуыл жасайтын жүйке жүйесінің созылмалы ауруы. 
 
Аурудың нақты пайда болу себептері белгісіз. Ғалымдар ШС генетикалық бейімділікпен қатар вирустық инфекцияның, қоршаған ортаның, шылым шегудің, күйзелістің, сонымен қатар қандағы D дәруменінің тапшылығы әсерінен болуы мүмкін дейді. Бұл ауру 20 жас пен 50 жас аралығындағы адамдар, әсіресе, әйел адамдар үшін қауіпті. Сонымен қатар, ауру экватор аумағынан қашықта орналасқан солтүстік өңірлерде көбірек тарағаны байқалған.
 
Қазақстан Республикасында ШС шалдыққан адамдардың саны күн санап өсіп келеді, диагностиканың арқасында олардың саны 2000 адамнан асты, ал өткен жылы диспансерлік есепте 1500 науқас болған. Дүние жүзінде шашыраңқы склероздан 2,5 миллион адам зардап шегеді.
 
Бүкіл әлемдегі арнайы мамандандырылған ШС орталықтары инсультке шалдыққан науқастарға көмек көрсететін бөлімшелердің аналогиясы бойынша салынады. 2019 жылдың қыркүйек айында ШС шалдыққан 100-ден астам науқасы бар. Нұр-Сұлтан қаласында нозология спектрін және қызметтік міндеттерін кеңейте түсу арқылы ШЖҚ "№1 көпсалалы қалалық аурухана" МКК тұсынан Шашыраңқы склероз және орталық жүйке жүйесінің аутоиммундық аурулары орталығы құрылды.
 
Шашыраңқы склероз және орталық жүйке жүйесінің аутоиммундық аурулары орталығының басшысы Сыздықова Бағыжан "шашыраңқы склероз" диагнозын арнайы мамандандырылған қызметтің дәрігер-неврологы ғана қою керек дейді, себебі белгілері ШС белгілеріне ұқсайтын ауру түрлері өте көп, тіпті магниттік-резонанстық томография да (МРТ) ұқсас көрініс беруі мүмкін, сондықтан мұндай жағдайды егжей-тегжей қарастыру өте маңызды:
 
Бұл кеселге "емделеді" термині қолданылмайды, дегенмен уақытында жасалған диагностика, дұрыс тағайындалған ем және ауруды кешенді басқару науқастардың толыққанды өмір сүруіне көмектеседі. Дұрыс тағайындалған ем жүргізбесе, ШС кезіндегі болжам жақсы болмайды. Ауруы басталған соң 10 жылдан кейін науқастардың 30—37% біреудің көмегінсіз жүруден қалады, 50% кәсіби міндеттерін орындауда қиыншылықтарға кезігеді. 15 жылдан кейін науқастардың 50% ғана жұмыс істеуге, өз-өзіне қызмет көрсетуге және біреудің көмегінсіз жүруге қабілетін сақтап қалады, - дейді Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас неврологы, Шашыраңқы склероз және орталық жүйке жүйесінің аутоиммундық аурулары орталығының басшысы, жоғары санаттағы дәрігер, медициналық ғылымдар кандидаты Сыздықова Бағыжан.
 
Шашыраңқы склероз мәселесіне мемлекет тарабынан көп көңіл бөлінеді.  
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізгелі шашыраңқы склерозға шалдыққан науқастар тегін қамтамасыз етілетін дәрі-дәрмектің тізімі ұзара түсті. Қазіргі уақытта шашыраңқы склерозға шалдыққан науқастарды емдеу үшін Қазақстанның медициналық ұйымдарына жалпы сомасы 3,2 млрд теңгені құрайтын жеті түрлі дәрілік құрал сатып алынып, жеткізілуде, – дейді "СҚ-Фармация" ЖШС Басқарма Төрағасы Берік Шәріп.
Адамдардың көпшілігі "шашыраңқы склероз" терминін естігенде бұл ауру қарт адамдарда ғана кездеседі деп қателеседі. Шын мәнінде, шашыраңқы склероз – жастардың ауруы, ол адамдарды ең белсенді өмір сүру кезеңінде, яғни мансап қуалап, отбасын құрып, балалар туатын кезінде аяғынан шалады. Біздің бірлестігіміздің мақсаты - науқастар әлеуметте жайлы өмір сүру үшін олардың өмір сүру сапасын жақсарту және өмір жасын ұзарту үшін жан-жақты көмек көрсету және демеу беру, сондай-ақ, ауру туралы мейлінше мол ақпарат беру, – дейді Нұр-Сұлтан қаласында құрылған Шашыраңқы склерозбен ауыратын мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Байгуанова Сапура Шамуханқызы.
 
Қазақстанда шашыраңқы склерозды емдейтін инновациялық дәрілік құрал тіркелген, ол осы ауруға шалдыққан науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған.
 
Санофи компаниясы шашыраңқы склерозды емдеу ісінде әлемдік көшбасшылардың біріне айналғанына 5 жылдан астам уақыт өтті. Біз науқастардың әрқайсысын жеке қарап, жаңа шешімдер табуға ұмтыламыз, зерттеушілермен, дәрігерлермен және науқастармен сөйлесеміз, науқастарға демеу көрсету бағдарламаларын біріге отырып жасаймыз. Біріге жұмыс істегеннің арқасында біз науқастардың толыққанды белсенді өмір сүруін ұзартуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Санофи портфелінде ШС емдеуге арналған екі инновациялық дәрілік құрал бар. Оның үстіне, бірнеше терапиялық шешім әзірлену үстінде8. Қазақстанда Санофидің пациенттер үшін қолдануға ыңғайлы пішіндегі, таблетка түріндегі дәрілік құралы тіркелген, - дейді Санофи Қазақстан басқарма төрағасы Быстрюков Виталий.
 
Шашыраңқы склерозды қалай анықтауға болады?
 
ШС белгілері аурудың пайда болу себептері секілді әр түрлі болып келеді, бұл тыртықтардың мидың қай бөлігінде пайда болғанына байланысты. Бастапқы кезеңде келесі белгілері жиі кездеседі:
- көру қабілетінің нашарлауы: бұлдырлау, бұрмаланып көріну, бір немесе екі көздің көру қабілетінің нашарлауы;
- аяқ-қолдардағы жайсыздық сезімі және әлсіздігі: ұю, шаншу, тартылу, түршігу;
- координацияның бұзылуы: кенеттен бастың айналуы, тепе-теңдіктен айырылу, жүргенде жайсыздық сезіну;
- эмоцияларының жиі ауысуы;
- аяқ-қолының дірілдеуі;
- сөйлеудегі қиыншылықтар: сыбырлау, баяу сөйлеу, үндестілігінің өзгеруі;
- суық және ыстықты ажырату қиыншылықтары;
- денесінде кенеттен электр разрядын сезіну;
- несеп шығару қиыншылықтары: жиі несеп шығару, кенеттен несеп шығарғысы келу, несеп шығарудағы іркілістер және басқасы.9,10,11
 
Осындай белгілер бар болса, нақты диагностика жасау үшін дәрігерге бару керек.
 
Анықтама үшін:
World Multiple Sclerosis Day (World MS Day). Халықаралық шашыраңқы склероз күнін Халықаралық шашыраңқы склероз қоғамдарының федерациясы шашыраңқы склероз мәселесі және ШС ұйымдарының ғаламдық қозғалысы туралы ақпарат беріп отыру, сонымен қатар ШС ұйымдары ғаламдық қозғалысының өрісін кеңейту, сондай-ақ, ұлттық және өңірлік ұйымдарды біріктіру, шашыраңқы склероз мәселелері бойынша ғаламдық қозғалысты қаржыландыру көздерін іздеу мақсатында құрған. "Халықаралық шашыраңқы склероз күні" жыл сайын 30 мамыр күні аталып өтеді.
Өзгелердің жаңалығы