Сарапшы Елбасы бастамалары туралы айтты

5 Шілде 2020, 14:28
1564
Бөлісу:
Сарапшы Елбасы бастамалары туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ӘЭСИ сарапшысы Андрей Чеботарев Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Үлкен Еуразияны құру бастамасы туралы айтып берді.

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев - Еуразия интеграциясы бастамасының авторы. Үлкен Еуразия туралы идеяны ол 2015 жылы БҰҰ саммитінде айтты. Үлкен Еуразия тұжырымдамасы туралы идея ұлттық органдардың құрған ұйымы емес, жетекші елдердің интеграциялық ұйымдарының ынтымақтастығы болса керек. Бұл орайда екі бағыт қамтылған. Ол – қаупісіздік және экономика, - деді ол.

Сарапшының айтуынша, ұйым екі континент елдерін біріктіруге бағытталған. 

Бұл бастамалар Елбасының баяндамаларында көп айтылды. Бұл идеяны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдап, жалғастырды. Идея барлық қатысушы елдерге жететіні анық. Экономикалық тұрғыдан алсақ, "Астана экономикалық форумында" Елбасы еуразиялық экономика кеңістігін құру туралы бастамасын көтерді. Ол Еуроодақ, АСЕАН, ЕАЭО, ШЫҰ ұйымдарының интеграциясын көздейді. Әрекеттегі халықаралық ұйымдардың күшін жұмылдыру мақсаты тұр. Енді ол аталған құрылымдардың саяси рухына байланысты дамиды, - деді Андрей Чеботарев.

Ол айтып өткендей, қазіргі коронавирус пандемиясы жағдайы ұйымдардың бірігуін талап етіп отыр. 

Алайда БҰҰ деңгейінде үндеу жарияланса да, ұйымдар әлі де кейбір санкцияларды алған жоқ. Қазақстан Үлкен Еуразияның бастамашысы болып қала бермек. Қазір ол Азия мен Еуропаның арасындағы маңызды көпір болып отыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы