Сағынтаев Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды

1 Наурыз 2019, 16:14
1605
Бөлісу:
Сағынтаев Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды

Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын», - делінген Елбасы Жарлығында.


Бақытжан Әбдірұлы 13.10.1963 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған,

Экономика ғылымдарының кандидаты

Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастады.

1988-1992 жылдар аралығында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде жұмыс істеді, әлеуметтану кафедрасында ассистенттен бастап доцентке дейінгі лауазымды атқарды.

1992 жылдан 1998 жылға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

1998 жылы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

1999 жылдан 2002 жылға дейін Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.

2002 жылдан 2004 жылға дейін Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2004 жылдан 2007 жылға дейін – Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы болды.

2007 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы.

2008 жылғы 30 қыркүйекте Павлодар облысының әкімі.

2012 жылдың 20 қаңтарында – Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.

2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастап «Нұр-Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары.

2013 жылдың 16 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі болып тағайындалды.

2013 жылдың 6 қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2016 жылғы 9 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды. 

2019 жылдың 21 ақпанында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен отставкаға кетті.


Өзгелердің жаңалығы