Садыр Жапаров Қырғызстан Президентінің міндетін атқаратын болды

16 Қазан 2020, 06:41
1652
Бөлісу:
Садыр Жапаров Қырғызстан Президентінің міндетін атқаратын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан парламентінің спикері Қанат Исаев Президент міндетін атқарудан бас тартты, деп мәлімдеді Ескі алаңда митингіге шыққандармен кездескен Премьер-министр Садыр Жапаров.

Президент өкілеттілігі маған тапсырылды, - деді үкімет басшысы. 

Еске сала кетсек, Қырғызстан Президенті болған Сооронбай Жээнбеков бүгін отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.

Өзгелердің жаңалығы