Қазақстанда алғаш рет ЭКҰ әдісімен дүниеге келген қыз сәбилі болды

16 Қазан 2019, 14:47
4518
Бөлісу:
Қазақстанда алғаш рет ЭКҰ әдісімен дүниеге келген қыз сәбилі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның анасы 1996 жылы ана болу мүмкіндігінен айырылған, алайда екі рет эко жасатып, көтерген екен.

24.kz мәліметтеріне сәйкес, осыдан 24 жыл бұрын экстракорпоральді ұрықтандыру арқылы дүниеге келген қыз 15 қазан күні табиғи жолмен дүниеге сәби әкелді. 

«Мен 1996 жылы ана болу мүмкіндігінен айырылған науқасқа ұзақ уақыт бойы экстракорпоральді ұрықтандыру бағдарламасын жүргіздім. Алғаш рет сәтсіз орындалды, одан соң бір айдан кейін екінші рет жасап көрдік. Нәтижесінде жүктілікке қол жеткізді. Енді қазір сол туған қыздың өзі табиғи жолмен ана атанғанына қуаныштымыз», – деді жоғары санатты репродуктолог-дәрігер, репродуктивті медицина институтының медициналық директорының орынбасары Людмила Баделбаева. 

Қазіргі таңда әлем бойынша ЭКҰ арқылы 6,5 млн бала өмірге келген. 

Айта кетейік, алғаш рет Қазақстанда экстракорпоральді ұрықтандырудың көмегімен 1996 жылы Алматы қаласында қыз бала дүниеге келді. Ал әлем бойынша алғаш рет бұл тәсілмен 1978 жылы АҚШ-та Луиза Браун атты қыз бала дүниеге келген.

Өзгелердің жаңалығы