Бас жаңалықтар
Ұрпаққа өркениетті ел қалдыруда Кеңес басты қадам болады – қоғам қайраткері
17 Шілде 2019, 17:53 342

Ұрпаққа өркениетті ел қалдыруда Кеңес басты қадам болады – қоғам қайраткері

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамына енген қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында кеңестің жұмысына қатысты пікірімен бөлісті.

«Мен өз басым бұрыннан айтып келе жатырмын, билік пен қоғам арасында диалог құрылатын жиын болуы тиіс. Мұндай тұрақты түрде жұмыс істейтін жиын қажет деп білемін. Менің мақсатым – мемлекетіміз болашақта өркениетті, құқықтық, демократиялық, шынайы нарықтық мемлекетке айналуы керек. Біз ұрпағымызға өркениетті елді қалдырып кетуіміз керек. Осы жиынның жұмысы аталған мақсатта басты қадам болады деп үміттенемін», - деді қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР президенті Қасым Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңес туралы Жарлыққа қол қойды.

Осы орайда ОКҚ-да өткен баспасөз маслихатында ҚР президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы жиыны қашан өтетіні туралы хабарлады. Сонымен қатар, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелері қалай іріктелгенін айтты.

Ал, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамына енген қоғам қайраткері Жәнібек Қожық Ұлттық кеңес билік пен халық арасындағы көпір болатынына сенім сенім білдірді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...