Риддердегі өрт ауыздықталды

11 Мамыр 2021, 19:47
2702
Бөлісу:
Риддердегі өрт ауыздықталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ​2021 жылғы 11 мамырда 18 сағат 20 минутта Риддер қаласындағы орман өрті 287,4 га алаңда ауыздықталды. ​Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли​ ​хабарлады. ​ ​

Риддердегі өрт ауыздықталды

Өрт 2021 жылғы 10 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласының әкімшілік аумағындағы Лесхоз кентінде сағат 13.55-те орманға жайылған өрттен туындаған болатын. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетіп, 5 көшеде 31 үй, 5 жеңіл автокөлік және шаруашылық құрылыстарының 7 учаскесінде, сондай-ақ ТҚС үй-жайын от шарпыған. Өртенген үйлерде 72 адам тұрған. Қазір 13 азамат  жатақханаға, қалғандары туыстарының үйлеріне орналастырылды.  Өртті сөндіруге 493 жеке құрам, 69 бірлік техника, 2 тікұшақ жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Риддер қаласына қарасты Лесхоз кенті тұрғын үйлеріндегі өрт толығымен сөндірілді. 11 мамырда "Қазавиаорманқорғау" тікұшағымен әуеден барлау жасалды.  Ұшу нәтижелері бойынша өрттің жалпы ауданы – 287,4 га, оның 272,4 га –орман аймағы анықталды. Құрамында 138 адам және 5 Орман шаруашылығы техникасы бар қарауылдау жүргізіледі - дейді ресми өкіл.

Риддердегі өрт ауыздықталды

Риддер қаласы әкімінің қаулысымен жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.​ Материалдық шығынды анықтау мақсатында қалалық әкімдіктің зардап шеккен тұрғын үй нысандарын тексеру жөніндегі комиссиясының жұмысы ұйымдастырылды. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 

Риддердегі өрт ауыздықталды

ШҚО полиция департаментінің күшімен тонау фактілерінің жолын кесу мақсатында өрт болған жерде тұрғын үйлерде кезекшілік ұйымдастырылды.​  ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында және өрт болған жерде штабтар ашылып, 8(7232) 55-38-19 нөмірі бойынша зардап шеккендер үшін жедел байланыс желісі жұмысын жалғастыруда. ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының психологтары мен дәрігерлері өрт кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетеді. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Риддердегі өрт ауыздықталды

Халыққа көмек көрсету мәселесі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тұрақты бақылауында.

Еске сала кетейік, кеше Лесхоз кентінің тұрғындарынан Риддер орман шаруашылығының орталық орманшылығында шамамен 2 га алаңда құрғақ шөптің жанғаны туралы қоңырау түсті.

Сондай-ақ өрт салдарынан екі ер адамды күйік шалып, жергілікті ауруханаға жеткізілгені және бір әйелдің қайтыс болғаны туралы ақпарат таратты.

ШҚО ТЖД қауырт желі телефоны іске қосылды. Көмекке мұқтаж барлық адам 8(7232) 55-38-19 нөміріне қоңырау шала алады.

Мемлекет басшысының Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз етуге қатыстып тапсырма берді.

Айта кетейік, өрт 11 мамырда таңертең сағат 7.00 шамасында сөндірілді. 

Сондай-ақ ТЖМ Риддердегі орман өртіне қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Мәліметке сәйкес бүгін Риддер қаласы маңында қалалық ауқымдағы ТЖ жарияланады.

Кейіннен ШҚО-дағы өрт бойынша күдіктінің ұсталғаны хабарланды. Өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде экология министрлігінің қызметкерлері бір күндік жалақысын аударды.

Өзгелердің жаңалығы