Ресейдегі «қазақтар» алаңға шықты

21 Мамыр 2019, 15:30
1986
Бөлісу:
Ресейдегі «қазақтар» алаңға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі кезде Ресейде екі қазақстандық футболшы ойнап жүр. Өткен аптада екі жерлесіміз де алаңға шықты.  

Ресей премьер-лигасының 29-турында «Ростов» өз алаңында мерзімінен бұрын чемпион атанған «Зенитті» қабылдады. «Ростов» сапында жерлесіміз Бактиер Зайнутдинов өнер көрсетеді. 

Валерий Карпин Қазақстан құрамасының ойыншысын алғашқы минуттан алаңға шығарды. Бактиер 71-минутқа дейін ойнады. Матчта «Ростов» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің 66-минутында «Зенит» қорғаушысы Маммана  өз айып алаңында «Ростовтың» өзбекстандық шабуылшысы Эльдор Шомуродовқа қарсы тәртіп бұзды. Бұл шабуылды бастаған Зайнутдинов болатын. Төреші 11 метрлік пенальти белгіледі. Оны Ивелин Попов сәтті орындады. Қорытынды есеп – 1:0.

Айта кетейік, Бактиер Зайнутдинов «Ростов» сапында 9 рет алаңға шығып үлгерді. Оның үшеуінде негізгі құрамда ойнаған. Осы уақыт аралығында 3 сары қағазға ие болған. 

Ал Ресейдің ұлттық лигасында ойнайтын «Сочи» командасы» өз алаңында «Шинникпен» кездесті. Матч 0:0 есебімен тең аяқталды. Ресейдің оңтүстігінде орналасқан Сочи қаласымен аттас клуб биыл мерзімінен бұрын премьер-лигаға жолдама алып қойған. Бұл команда сапында жерлесіміз Акмаль Бахтияров бар. Ол алаңға 54-минутта шықты. Жалпы, 20 жастағы футболшы «Сочи» сапында 5 кездесуге қатысқан.
Өзгелердің жаңалығы