Бас жаңалықтар
Қазақстан-Ресей ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның отырысы өтті
16 Қазан 2019, 19:41 168

Қазақстан-Ресей ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жиынға қазақстандық тараптан Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов, ресейлік тараптан - Үкімет төрағасының бірінші орынбасары - РФ Қаржы министрі Антон Силуанов қатысты.

Отырыс барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, отын-энергетикалық кешені, атом энергиясын бейбіт пайдалану, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, білім және ғылым, әлеуметтік-еңбек қатынастары, ақпараттық технологиялар, мәдениет, туризм, өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығын дамыту, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының өзара қарым-қатынасы саласындағы мәселелер талқыланды.

Қазақстан мен Ресей мемлекетаралық байланыстардың барлық спектрі бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне ие. Бұл ынтымақтастықты нығайту мақсатында  мемлекет басшылары мен өзгеде түрлі деңгейлерде кездесулер өтіп тұрады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық ты жоспарлы түрде дамып келеді. Ресей Қазақстанның басты сауда серіктесі саналады (еліміздің сыртқы сауда айналымындағы Ресейдің үлесі 19,5%).

2018 жылы ҚР мен РФ арасындағы өзара сауда көлемі 18,5 млрд долларды құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 13,1% - ке жоғары (16,4 млрд долл). Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша біздің елдеріміз арасындағы өзара сауда көлемі 0,8% - ке артып, 12,2 млрд долларды құрады (2018 ж. 8 ай - 12,1 млрд долл).

Отырыс барысында Премьер министрдің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетінің даму қарқынын сөз етті, мысал ретінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» ауқымды жобасы жақын арада аяқталатынын айтты.

«Соңғы жылдары «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» ауқымды автомобиль жобасын аяқтау жұмысы жүргізілді. Бұл жоба сәтті жүзеге асқаннан кейін біздің елдеріміз транзиттік әлеуетті толық іске асыра алатынына сенімдімін», - деді Әлихан Смайылов.

Жиын қорытындысы бойынша Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 21-ші отырысының хаттамасына қол қойылды.

Комиссия 2020 жылы мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қазақстан-Ресей Іскерлік Кеңесінің кезекті отырысын өткізуді ұсынды.

Айта кету керек, 2019 жылдың 6-7 қарашасында Омбы қаласында (РФ) мемлекет басшыларының қатысуымен «Трансшекаралық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XVI аймақаралық ынтымақтастығының форумы өтеді.

Сонымен қатар, палаталардың бизнеспен өзара іс-қимылы бойынша жұмысты ұйымдастыруда тәжірибе алмасуға, аймақтық деңгейде ынтымақтастықты дамытуға, Қазақстан мен Ресей кәсіпорындарының кооперативті байланыстарын нығайтуға, оның ішінде үшінші елдердің нарықтарына шығуға ерекше назар аудару қажеттігі айтылды.


Фото: дереккөз
Загрузка...