Бас жаңалықтар
Регбиден Дубай мен Кейптаундағы әлемдік серия өткізілмейді
04 Тамыз 2020, 06:46 230

Регбиден Дубай мен Кейптаундағы әлемдік серия өткізілмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүкіләлемдік регби федерациясы (World Rugby) Дубай мен Кейптаундағы "World Rugby Sevens Series" турнирін коронавирус індетіне байланысты өткізбейтін болды.

2021 жылғы маусымашар серияның өтпейтінін әлемдік ұйым ресми түрде растады. Дубайдағы бәсеке 26-28 қарашада, ал Кейптаундағы бәсеке бір аптадан соң өтуі тиіс болатын. 

Екі турнирде де ерлер мен әйелдер додасы қатар ұйымдастырылмақ болған. 

Жарыстың тоқтатылуына COVID-19 індетіне байланысты әлемдегі ахуалдың жақсармауы себеп. 




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...