Бас жаңалықтар
Қазақстан футболында соңғы 7 жылда болмаған жағдай тіркелді
18 Қыркүйек 2020, 10:48 1160

Қазақстан футболында соңғы 7 жылда болмаған жағдай тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан клубтары биылғы маусымда еурокубоктағы жорықтарын тым ерте аяқтады. 

Бұл жолы үш командамыз бірдей бір күнде жарыс жолынан шығып қалды. Елорданың «Астана», Алматының «Қайраты» және Қызылорданың «Қайсары» Еуропа лигасының екінші кезеңінен жарысты аяқтады. 

«Астана» Алматыда Черногорияның «Будучности» (0:1) клубына есе жіберді. Шымкентте Кипрдің АПОЭЛ командасымен жолыққан «Қайсар» 6-минутта есеп ашқанымен, әрі қарай қатарынан 4 гол жіберді. «Қайрат» ойыншылары қанша тырысқанымен, тағы да Изариль командасынан өте алмады. Бұл жолы Хайфада «Маккабиден» 1:2 есебімен ұтылды. Ал Шымкенттің «Ордабасы» клубы бірінші раундта жарысты аяқтаған. 

«Астана» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Беларусьтің «Динамо» (Брест) командасынан айласын асыра алмағанын тағы қосыңыз. Жалпы, биыл еурокубокта «Қайрат» қана бірінші кезеңде Арменияның «Ноа» клубын жеңді. Одан басқа жеңістің дәмін татпадық.

Соңғы 7 жылда Қазақстан командалары кемі еурокубоктың іріктеу кезеңінің плей-офф бәсекесіне дейін жетіп жүрген болатын. Оның ішінде алты маусым топтық кезеңде ойнадық. Бір рет, яғни 2013 жылы «Шахтер» Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетсе, 2015 жылдан бастап «Астана» бес жыл қатарынан еурокубоктың топтық кезеңіне дейін жетіп жүрді.

Ал биылғы маусым - Қазақстан клубтары үшін соңғы 10 жылдықтағы ең сәтсіз маусым болды.


Фото: дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//