Шамалғандағы көлік апаты: Қыз балаға ота жасалды

16 Қыркүйек 2019, 12:20
2207
Бөлісу:
Шамалғандағы көлік апаты: Қыз балаға ота жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы Ақсеңгір – Шамалған өткелінде жолаушы пойызы мен автобустың қақтығысуы салдарынан зардап шеккен үш адамның денсаулық жағдайы туралы жаңа мәліметтер пайда болды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Белгілі болғандай, Қарасай аудандық орталық аурухананың базасында Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы мен Алматы қалалық № 1 клиникалық аурухананың дәрігерлері зардап шеккен 2014 жылғы қыз балаға операция жасады, әзірге баланың жағдайы ауыр. Ал 2016 жылғы бүлдіршіннің денсаулық жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Екі пациент те комада, жасанды демалдыру аппараттары қосылған. Ал аналарының жағдайы тұрақты ауыр", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендерге медициналық көмекті жұмылдыру үшін Алматы облысы мен Алматы қаласындағы білікті мамандар тартылған. 

"Зардап шеккендерге медициналық көмекті жұмылдыру үшін Алматы облысы мен Алматы қаласындағы білікті мамандар тартылды. Олар - Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының, Алматы қалалық № 1 клиникалық ауруханасының балалар және үлкендер нейрохирургтары, травматологтары мен реаниматологтары. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмектер көрсетілуде", - делінген хабарламада. 

Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауына алынған, пациенттер жағдайы туралы сағат сайын хабарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысындағы Шамалған станциясында жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысып қалғанын жазған болатынбыз.  Салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, 3 жолаушы - 1986 жылғы әйел адам мен оның 2014 және 2016 жылы туған балалары зардап шеккен. Дәрігерлер Шамалғанда зардап шеккендердің жағдайын айтып берген еді. 

Автобуста жалпы саны 67 адам болған. Соқтығысу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы