Queen рок тобының алғашқы бас-гитарашысы қайтыс болды

7 Наурыз 2019, 08:58
2015
Бөлісу:
Queen рок тобының алғашқы бас-гитарашысы қайтыс болды

Астана, BAQ.KZ. Queen рок тобының алғашқы бас-гитарашысы Майк Гроуз қайтыс болды. 

Бұл туралы ұжымның барабанда ойнайтын мүшесі Роджер Тейлор өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Мен алғаш рет The Individuals тобында ойнағанын естіген ескі досым Майк Гроуз туралы мұндай хабар есту қиын. Ол кезде мектеп оқушылары болатынбыз. Гроуз гитарада керемет ойнайтын», - деп жазды ол.

Гроуз Queen тобына 1970 жылы келді. Бірақ бірнеше айдан кейін топтан шықты. Сол уақытта үш концертке қатысып үлгерді. Ол музыка бизнесінен бас тартып, басқа кәсіппен шұғылданамын деп кеткен.

Өзгелердің жаңалығы