Қорғаныс министрлігінің генералы пара алды деген күдікке ілінді

4 Ақпан 2020, 11:38
1358
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігінің генералы пара алды деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Қорғаныс министрлігінің Кадр және әскери білім беру департаментінің бастығы, ҚР Қорғаныс министрлігінің генерал-майорын әшкереледі.

Қызметтік саласы мен міндеті бойынша кәсіби даярланған әскери кадрларды іріктеу мен орналастыруды, ескерту, алдын алу жұмыстарын жүргізуге, өз қатарларында тазалықты қамтамасыз етуге және жеке құрамның іс-әрекеттеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға міндетті жоғары лауазымды шенеунік жалпы қамқорлығы мен қызмет бабында алға жылжуы үшін қоластындағылардан айтарлықтай мөлшерде жүйелі негізде пара алған деп күдікке ілінді, - деп хабарлады Агенттіктің баспасөз қызметі.

Күдікті кінәсін мойындады және қорғаушының қатысуымен іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш білдірді.

Биылғы жылдың 31 қаңтарында күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.


Өзгелердің жаңалығы