Елордада Қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды

23 Қазан 2019, 12:55
3857
Бөлісу:
Елордада Қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлаймыз.

"Қабылдау бөлмесінің жұмысы аясында айдың әр соңғы сәрсенбісінде сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін "Қазмедиа орталығы" ғимаратында бейінді вице-министрлер, министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары сіздердің барлық сұрақтарыңызға қуана-қуана жауап береді. 30 қазанда біз барлығын жұмысымызға қатысты мәселелер бойынша өз пікірлерін, ұсыныстарын және тілектерін білдіруге шақырамыз. Біз әрқашан ашық және сындарлы диалогқа дайынбыз", - деп хабарлады министрлікте.
Алдын ала жазылу үрдісі министрліктің ресми сайтында мекенжайы бойынша немесе 8 (7172) 74-04-98 телефон нөмірі арқылы жүзеге асырылады. 
Өзгелердің жаңалығы