«Қазпошта» қазақстандықтарға хабарлама жасады

24 Қыркүйек 2019, 17:49
2993
Бөлісу:
«Қазпошта» қазақстандықтарға хабарлама жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазпошта» қолданушылардың жеке деректерін жинап, оны өз мақсаттарында пайдаланатын алаяқтардан сақ болуды ескертеді, деп хабарлады Қазпоштаның баспасөз қызметі.

«Әлеуметтік желілерде Қазпошта атынан қолданушылардың жеке деректерін жинап, оны өз мақсаттарында пайдаланатын алаяқтар пайда болды деп ескертеміз. Бұл ақпарат дұрыс емес және алаяқтық фактісі болып табылады. «Қазпошта» АҚ өткізетін барлық акция мен конкурстар Post.kz сайты мен әлеуметтік желілерде ғана жарияланады», - делінген таратылған хабарламада.

Сондай-ақ, жарнама Қазпошта бөлімшелерінде және БАҚ-та жарияланатындығын ескертеді. Азаматтарға сақ болуды, күмәнді сілтемелерді ашпауды және жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеуді сұрайды. ⠀


Өзгелердің жаңалығы